×

Назым Қызайбай Астанадағы әлем кубогының алтын медаліне таласады

2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Назым Қызайбай елордада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 15:10
Назым Қызайбай Астанадағы әлем кубогының алтын медаліне таласады
Қазақстан бокс федерациясы

ТОЛЫҒЫРАҚ

Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Жапония өкілі Хикану Шинохарамен жұдырықтасты.

Үш раундтың қорытындысы бойынша Назым Қызайбай төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін 80 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Оралбай жекпе-жексіз финалға шыққан болатын.

Новости партнеров