×

Рыбакина: төрешіге ескерту жасадым

Елена Рыбакина Уимблдондағы жеңілісінен соң, ulyssport.kz тілшісінің бірнеше сұрағына жауап берді, деп хабарлайды ulyssport.kz

05.07.2025, 21:00
Рыбакина: төрешіге ескерту жасадым
Уимблдон

Екі сетте 6:7, 3:6 есебімен дат теннисшісі Клара Таусоннан жеңілген отандасымыз, қолайсыз ауа-райы жағдайында өткен матчына қатысты және оған дайындығы жөнінде былай деді: 

Иә, бүгін жел болды. Оған еш әсер ете алмайсың. Бірінші кортта ойнаймын деп ойладым. Ол жақтың шатыры жабылады. Алайда екі ойыншыға бірдей жағдай ұсынылды. Ешкімге кінә таға алмаймын. Желге қарсы дайындық дейсіз бе? Допты ойынға қосуда біраз жұмыс істеуге болады. Алайда осы турнирде добым жалпы жақсы ұшпады. Бірінші добымның көрсеткіші өте төмен болды. Алдын ала қолайсыз ауа-райы кезінде өтетін кездесулерге дайындалу қиындау. Уақыт өте келе тәжірибемен келеді деп ойлаймын. 

Бірінші сет барысында шешуші сәтте Елена Рыбакина бас төрешімен сөзге келіп қалған еді. Сол жөнінде:

Оған ескерту жасадым. Ұқыпты болуын сұрадым. Өйткені ойын барысында қарсылас ойынды тоқтатқандай әрекет жасап, аут деп қалды да ойынды жалғастырды. Әрине бұл кедергі келтірді. Осы сәтте төреші ойынды тоқтатып, қайта ойнатуы керек еді. Қазір кортта сызық төрешісілері жоқ. Барлығы жасанды интеллектпен басқарылады. Ойын сәті аяқталғанда ойыншы видео-қайталауға өтініш бере алады. 

Уимблдон турнирінен кейін ТОП спортшылардың көбісі көгалдағы теннис маусымын аяқтап, хард төсенішіне өтеді. Жаңа маусымды бастамастан бұрын уақытша демалыс аласыз ба деген сұраққа:

Иә, бірнеше күн демаламын. Қайда барарымды әлі шешпедім. Сосын дайындығымды жалғастырамын. Жоспар бойынша Канададағы Мастерстің алдында Вашингтонда ойнамақшымын. Биыл ол жақта бірінші рет өнер көрсетемін,- деп жауап берді Уимблдон-2022 чемпиоаны Елена Рыбакина.

Новости партнеров