×

Ауыратлет Ерасыл Сәулебеков Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Ауыр атлетикадан Қазақстан жастар құрамасының өкілі Ерасыл Сәулебеков Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Ulyssport.

08.07.2025, 16:40
Ауыратлет Ерасыл Сәулебеков Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК

88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сәулебековке тең келер ешкім болмады. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 344 (153+191) келі көтеріп, жарыста топ жарды.

Екінші орынға өзбекстандық Бекзод Гофиржонов орналасты - 341 (151+190) келі. Үшінші орынды үндістандық Сайраж Пардеши иеленді - 338 (152+186) келі.

Айта кетейік, 8 шілдеде Қазақстан құрамасы екінші алтын медалін жеңіп алды. Бұған дейін Кира Данилова жасөспірімдер арасында чемпион атанған болатын.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр