×

Cтенд ату: Мария Дмитриенко финалға шыға алмады

Стенд атудан трап бағдарламасы бойынша сынға түскен Мария Дмитриенко финалдық кезеңге (6 спортшы) өте алмады, деп хабарлайды Ulyssport.kz

31.07.2024, 15:43

Іріктеу кезеңі. 30 қатысушы

Магрина Молне — 123 ұпай

Цюцю Ву — 122 ұпай

Адриана Руано Олива — 122 ұпай

Силвана Мария Станко — 122 ұпай

Фатима Галвез — 122 ұпай

Тағы 3 спортшы 121 ұпай жинады. Олар 1 жолдаманың иегерін анықтау үшін, қосымша сайысқа түседі.

10-орын. Мария Дмитриенко — 120 ұпай

Мария Дмитриенко бұған дейін 2016 жылы Рио Олимпиадасында да бақ сынап, іріктеу кезеңінде 8-орын алған болатын.

Ең үздік көрсеткішіміз:

2008 жылы Бейжің Олимпиадасында Елена Стручаева іріктеу кезеңінде 3-орын алса, финалдық сайысты 6-орынмен аяқтады.

Новости партнеров