×

Денис Полубояринов Азия рекордын жаңартып, чемпион атанды

Қазақстандық ауыратлет Денис Полубояринов Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия біріншілігінде чемпион атанды, деп хабарлайды Ulyssport.

09.07.2025, 17:02
Денис Полубояринов Азия рекордын жаңартып, чемпион атанды
Фото: ҰОК

94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дениске тең келер ешкім болмады. 

Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 376 (163+213) келі көтеріп, жарыста топ жарды. Сондай-ақ, серпе көтеру сайысында Азия рекордын жаңартты.

Екінші орынға өзбекстандық Руслан Рахматжонов орналасты - 345 (155+190) келі. Үшінші орынды Бахрейн өкілі Джон Мурилло иеленді - 334 (154+180) келі.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр