×

Ауыр атлетика: Аянат Жұмағали Азия біріншілігінде қола медальға ие болды

Ауыр атлетикадан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Аянат Жұмағали елордада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Ulyssport.

09.07.2025, 17:03
Ауыр атлетика: Аянат Жұмағали Азия біріншілігінде қола медальға ие болды
Фото: ҰОК

Отандасымыз 77 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Аянат қоссайыстың қорытындысы бойынша 217 (95+122) келіні көтеріп, жастар арасындағы бәсекеде қола жүлдеге ие болды.

Алтын медальді Оңтүстік Корея өкілі Хисо Джун жеңіп алды. Оның нәтижесі - 230 (102+128) келі. Ал, екінші орынды өзбекстандық Гульшодахон Дадамирзаева иеленді - 218 (96+122) келі.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр