×

Қазақстандық ауыратлет Аңсар Тұрсынбек Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Ауыр атлетикадан Астанадағы жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Ulyssport.

09.07.2025, 17:40
Қазақстандық ауыратлет Аңсар Тұрсынбек Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Фото: ҰОК

9 мамырда Қазақстан ерлер құрамасының атынан Аңсар Тұрсынбек өнер көрсетті.

Отандасымыз 94 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.

Аңсар қоссайыстың қорытындысы бойынша 326 (144+182) келіні көтеріп, жасөспірімдер арасындағы бәсекеде күміс жүлдеге ие болды.

Бірінші орынды оңтүстіккореялық Инхок Ким иеленді - 334 (151+183) келі. Үшінші орынға Өзбекстан өкілі Хусонбай Халмуратов жайғасты - 324 (152+172) келі.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр