×

Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден командалық сайыста әлем чемпионатының финалына өтті

Сингапурда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulyssport.

19.07.2025, 13:42
Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден командалық сайыста әлем чемпионатының финалына өтті
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

19 шілдеде әртістік жүзуден командалық сайыс өтті.

Отандастарымыз командалық еркін жаттығуда 261.9755 ұпай жинап, 8-орынға тұрақтады. 

Құрама сапында Наргиза Болатова, Ясмин Тұяқова, Даяна Джаманчалова, Ксения Макарова, Әйгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова өнер көрсетті.

Командалық сайыстың финалдық кезеңі 20 шілдеде өтеді.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр