×

Қазақстандықтар триатлоннан жастар арасындағы Азия кубогында екі медальға қол жеткізді

19-20 шілде аралығында Малайзияның Кампар қаласында триатлоннан жастар арасындағы Азия кубогы өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulyssport.

19.07.2025, 14:15
Қазақстандықтар триатлоннан жастар арасындағы Азия кубогында екі медальға қол жеткізді
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Отандастарымыз жарыстың бірінші күнінде жеңіс тұғырына көтерілді.

Рамазан Айнегов 00:58:46 уақыт көрсеткішін тіркеп, чемпион атанды. Тағы бір жерлесіміз Елмұрат Қанай 00:59:02 нәтижемен үшінші орынды иеленді. Ал күміс жүлде Сеймур Энтони Каглаянға (Түркия) бұйырды - 00:58:56.

Айта кетейік, бұл жарысқа 15 елден 60 спортшы қатысып жатыр.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден командалық сайыста әлем чемпионатының финалына өткенін хабарлаған едік.

Новости партнеров