Сингапурда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
19 шілдеде Карина Магрупова әртістік жүзуден техникалық соло бағдарламасының финалында ел намысын қорғады.
Отандасымыз 233.5199 ұпай жинап, 11-орынды иеленді.
Қытайлық Хуиянь Сюй бірінші орынға ие болды - 272.9917. Күміс жүлде Василина Хандошкаға (Ресей) бұйырды - 260.5416. Ал Ирис Тио Касас (Испания) 260.2917 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді.