×

Руслан Құрбанов: Токио Олимпиадасының қос чемпионымен жолым түйісті

Семсерлесуден командамыздың көшбасшысы Руслан Құрбанов жеке сайысты қорытындылады, деп хабарлайды Ulyssport.kz
 

31.07.2024, 17:27
Владислав Семенов

Семсерлесуден сапы жаттығуы бойынша ширек финалға дейін жеткен Руслан Құрбанов эмоциясын бөлісті: 

«Париж Олимпиадасындағы жеке сайыс өте тез өтті. Спорттық мансабымдағы 21 жылда осындай трибуна, қолдау, энергияны көрмеппін. 

Өткен Токио Олимпиадасы ковид кезіне сәйкес келіп, көптеген шектеулер болды. Әсер де қатты болмады. Осы жылы Graine Palais кешенінде семсерлесудің нағыз мерекесі өтуде! Мерекеде біз дүрбелең жасадық. Әрине, барлық спортшылар Олимп шыңына ұмтылады. Оның ішінде мен де бармын. Осы жолы Токио Олимпиадасында жеке және командалық бәсекеде чемпион болған екі бірдей қарсыласпен жолым түйісті. Қазақстанға да алғаш рет 6-орынмен барамын. Бірақ бұл соңы емес. Алда командалық сайыс күтіп тұр! 

Біз командамызбен жаңа сынаққа дайынбыз!

Отандық жанкүйерлердің қолдауын ерекше атап өткім келеді. Біз оны сеземіз және бізді жігерлендіреді! Жұмада кездескенше!» 

Айта кетейік, алдағы жұма күні жігіттеріміз командалық сайыста Мажарстанмен шайқасқа түседі. Азулы қарсыластың сапында Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Гергей Шиклоши, 2023 жылғы Әлем чемпионы Мате Кох, Париж Олимпиадасының жартылай финалисі Тибор Андрасфи бар.

Новости партнеров