×

Алматыда үстел теннисінен ірі WTT Youth Contender турнирі басталды

23 шілдеде Алматыда үстел теннисінен халықаралық WTT Youth Contender турнирі басталды, деп хабарлайды Ulyssport.

23.07.2025, 15:18
Алматыда үстел теннисінен ірі WTT Youth Contender турнирі басталды
Фото: ҰОК

Байрақты бәсекеге 16 ұлттық құраманың намысын қорғайтын 235 спортшы қатысуда.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасынан түрлі жас санаттарында 86 теннисші өнер көрсетеді.

Жүлделі орындар келесі санаттар бойынша сарапқа салынады:

1. 11 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар – жекелей сын;

2. 13 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар – жекелей сын;

3. 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар – жекелей сын;

4. 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар – жекелей сын;

5. 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар – жекелей сын;

6. 15 жасқа дейінгі аралас жұптық сын;

7. 19 жасқа дейінгі аралас жұптық сын.

Турнирдің тікелей көрсетілімін Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Новости партнеров