Сингапурда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық сайыстың финалына жолдама алды, деп хабарлайды Ulyssport.
Ұлттық құрама топтық акробатикалық бағдарламаның іріктеу кезеңінде 190.1238 ұпай жинап, 11-орынға тұрақтады.
Қазақстан құрамасы сапында: Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Жаклин Якимова, Әйгерім Құрманғалиева, Анна Павлецева, Жания Жиенғазы өнер көрсетуде.