×

Үстел теннисі: Қазақстан құрамасы Алматыдағы турнирде үш медаль жеңіп алды

Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық ірі турнирі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulyssport.

25.07.2025, 15:30
Үстел теннисі: Қазақстан құрамасы Алматыдағы турнирде үш медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК

Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы үш бірдей жүлдеге ие болды.

Барлық үш медаль - қола. Қыздар арасындағы U13 санатында Жәния Бекмұхамбетова финалға шығу үшін өткен матчта Тайбэй өкілі Ляо Юй Цзинге 0:3 есебімен жол берді.

Осы жас санатында Арайлым Сапабек те жартылай финалда ресейлік Элеонора Ширяеваға қарсы кездесуде 2:3 есебімен есе жіберді.

Тағы бір қола жүлдені Нұрдәулет Азаматұлы (U13) жеңіп алды. Ол жартылай финалда ресейлік Матвей Мананковпен өткен тартысты кездесуде 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Новости партнеров