Семсерлесуден Грузияның Тбилиси қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Руслан Курбанов ширек финалға шыға алмады, деп хабарлайды Ulyssport.
Ол семсер қаруымен айқасудан 1/8 финалға дейін жетті. Бұл кезеңде отандасымыз Беларусь спортшысы Марк Семоненкомен кездесіп, қарсыласы 14:13 есебімен жеңіске жетті.
Руслан Курбанов жарысты тоғызыншы орынмен аяқтады.