×

Гимнаст Айбота Ертайқызы Румынияда өткен Challenge Cup кезеңінде төртінші орын алды

Қазақстандық гимнаст Айбота Ертайқызы Румынияның Клуж-Напока қаласында өткен Challenge Cup кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды, деп хабарлайды Ulyssport.

28.07.2025, 12:48
Гимнаст Айбота Ертайқызы Румынияда өткен Challenge Cup кезеңінде төртінші орын алды
Фото: ҰОК

Спортшы таспамен орындалатын жаттығуда төртінші нәтижені көрсетті. Финалда Айбота 26,850 ұпай жинады.

Бұл жаттығу түрінде алтын жүлдені Украина өкілі Таисия Онофрийчук жеңіп алды – 29,050 ұпай.

Күміс жүлде америкалық Рин Кизге бұйырды – 28,050 ұпай. Ал қола медальді Израиль гимнасты Мейталь Мааян Сумкин иеленді – 27,650 ұпай.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр