×

Кирилл Герасименко: Тағы бір Олимпиадаға қатысатынымды нақты әлі білмеймін

Бүгін үстел теннисінен 1/8 финалға дейін жеткен Кирилл Герасименко өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Ulyssport.kz

31.07.2024, 20:14
Кирилл Герасименко: Тағы бір Олимпиадаға қатысатынымды нақты әлі білмеймін
Владислав Семенов

Отандасымыз 1/8 айналымда Омар Мұхаммади Ассармен (Мысыр) болған өте тартысты ойында 2-4 (11-8, 11-6, 10-12, 10-12, 9-11, 3-11) есебімен жол берді.

Бүгінгі ойын жайлы:

«Бапкеріммен бірге оның ойын тактикасын өзгерткенін байқамай қалдық. Кей сәттерде мен де бейімделе алмадым. Үшінші және төртінші сеттерде ұпайымыз өте жақын болды. Партияның соңында ұпайымыз тең болғанымен, шешуші сәттер қарсыластың пайдасына шешіліп кетті.»

Қандай кедергі болды?

«Белсенді ойнадым. Қарсыласым допты жоғары үстелдің шетіне жіберіп отырды. Олай болады деп ойламадым. Жанкүйерлердің эмоциясы да алаңдатты. Біз тыныштықта ойнап үйреніп қалғанбыз. Тәжірибелі теннисші болған соң, бұл кедергі болды деп айта алмаймын. Бірақ өзімді жақсы өнер көрсеттім деп есептеймін. Соңында сәл жетпей қалды.»

Алдағы жоспар:

«Ары қарай да жұмысымды жалғастыруға жігерім жетеді ойлаймын. 15 жылдан бері турнирден-турнирге барып, отбасымды көп көре бермеймін. Тағы бір Олимпиадаға қатысатынымды нақты әлі білмеймін. Ойланамыз» - деді Кирилл Герасименко.

Айта кетейік, үстел теннисінен ерлер арасында тек қана Кирилл Герасименко ғана Олимпиада ойындарына 3 мәрте қатысқан.

Новости партнеров