×

Қазақстандық грек-рим күресінің шеберлері Польшадағы турнирде алғашқы медальдарға қол жеткізді

Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Варшавада (Польша) өтіп жатқан ірі халықаралық турнирді қос қола медальмен бастады, деп хабарлайды Ulyssport.

01.08.2025, 16:08
Қазақстандық грек-рим күресінің шеберлері Польшадағы турнирде алғашқы медальдарға қол жеткізді
Фото: ҰОК

Жеңіс тұғырының үшінші сатысына Диас Қалтай (72 келіге дейін) мен Ерзат Ерланов (97 келіге дейін) көтерілді.

31 шілдеде бозкілемге 55, 60, 63 және 67 келі салмақ дәрежесіндегі балуандар шығады.

Айта кетейік, бұл жарыста Қазақстан атынан грек-рим және әйелдер күресі командалары бақ сынап жатыр.

Новости партнеров