×

Азия чемпионаты: Қазақ қыздары жарысты жеңіспен бастады

Таиландтың Бангкок қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында бокстан Азия чемпионаты басталды. Турнирдің алғашқы күні 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы бәсекелер өтті, деп хабарлайды Ulyssport.

01.08.2025, 16:13
Азия чемпионаты: Қазақ қыздары жарысты жеңіспен бастады
Pixabay.com

48 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Диана Серікбаева кореялық Енжи Кимге қарсы жекпе-жекті айқын басымдықпен мерзімінен бұрын аяқтап, турнирді сәтті бастады. Одан кейін 51 келідегі Айым Таңқыбаева Вьетнамнан келген қарсыласын, 54 келідегі Жанель Имантаева өзбекстандық боксшыны, ал 57 келіде өнер көрсеткен Аяжан Ермек жапон спортшысын жеңіп, жарыстың алғашқы кезеңінен сүрінбей өтті.

Айта кетейік, Жанель Имантаева мен Өзбекстан өкілі Муслима арасындағы жекпе-жек тартысты өтті – жеңіс 3:2 есебімен қазақстандық боксшыға бұйырды. Қалған кездесулерде жерлестеріміз қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмады.

Бүгін Астана уақытымен сағат 16:00-де кешкі сессия басталады. Бұл жолы да төрт отандасымыз шаршы алаңға шығады.

Новости партнеров