Бангкокта (Таиланд) қыздар арасындағы (U19) бокстан Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қазақстан құрамасының өкілдері екі финалда бақ сынап, бір алтын медальға ие болды.
Турнир жеңімпазы атанған Құралай Егінбайқызы (80 келіге дейін) шешуші жекпе-жекте үндістандық Критика Васанды ұтты.
КҮМІС ЖӘНЕ ҚОЛА МЕДАЛЬДЕР
Аяжан Ермек ел қоржынына күміс медаль салды. Ол 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында үндістандық Мусканға есе жіберді.
Үшінші орынға Айым Таңқыбаева (51 келіге дейін), Жәнел Имантаева (54 келіге дейін), Алина Құдайгенова (60 келіге дейін), Ақбота Есімбекова (65 келіге дейін) және Сәбина Жақсылық (80 келіден жоғары) ие болды.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына жолдама алғанын жазған едік.