×

Спорттық гимнастика: Милад Карими алғашқы финалда жүлдесіз қалды

Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы көпсайыста жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Ulyssport.kz
 

31.07.2024, 23:18
Спорттық гимнастика: Милад Карими алғашқы финалда жүлдесіз қалды
Сали Сабиров

6 жаттығудың қорытындысы бойынша, отандасымыз 76.065 ұпай жинап, соңғы 24-орынға тұрақтады.

Шығыршық - 12.933 ұпай
Тіреніп секіру - 14.400 ұпай
Қос сырық - 14.066 ұпай
Керме - 12.700 ұпай
Еркін жаттығу - 13.433 ұпай
Тұтқалы ат - 8.533 ұпай

Милад бірнеше күн бұрын көпсайыстан іріктеуде 82.065 ұпаймен (18-орын) ақтық сынға шыққан. Айта кетейік, жекелеген сындағы көпсайыстың финалында 24 гимнаст сынға түсті. 

Чемпиондық атақ 20 жастағы Жапония спортшысы Синносукэ Окаға бұйырды. Күміс жүлдені Джан Боен (Қытай), ал қола жүлдені Сяо Жотен (Қытай) еншіледі.

Енді Милад 3 тамызда еркін жаттығудың финалында жүлдеге таласады. Отандасымыз іріктеуде 14.433 ұпайдың арқасында үздік сегіздікке кірген.

Новости партнеров