Көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар анықталды, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
20-24 тамыз аралығында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында көркем гимнастикадан әлем чемпионаты өтеді.
Қазақстан құрамасы бұл дүбірлі додада жекелей және топтық жаттығуларда өнер көрсетеді.
Жекелей сында Айбота Ертайқызы мен Айым Мейіржанова бақ сынайды.
Ал топтық жаттығуларда Аида Хәкімжанова, Айзере Кеңес, Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Айзере Нұрмағамбетова және Мәдина Мырзабай жүлде үшін сынға түседі.
Еске салайық, бұған дейін спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан құрамасының өкілі Ришат Хайбуллин Чэнду (Қытай) қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Дүниежүзілік ойындарында үшінші орын алғанын хабарлаған едік.