×

Милад Карими: «Чемпион болуға деген мүмкіндігім бір ғана пайыз еді»

Спорттық гимнастикадан көпсайыс бойынша сынға түскен Милад Карими жарысты қорытындылады, деп хабарлайды Ulyssport.kz

01.08.2024, 00:17
Милад Карими: «Чемпион болуға деген мүмкіндігім бір ғана пайыз еді»
Тұрар Қазанғапов

«Көпсайыс – менікі емес. Бүгін психологиялық жағынан өзімді 6 жаттығуда да барлық күшімді жұмсау өте қиынға соқты. Себебі, менің чемпион болуға деген мүмкіндігім бір ғана пайыз еді. Өз мүмкіндігіңнен асып түсе алмайсың. Шындығын айтқанда, жүлдеге мүлдем үміт болмады. Соған қарамастан, сайысты жаман бастадым деп айта алмаймын.  Қатты мықты емес жаттығуларда ұпайларымды алғанымен, өзімнің оң жамбасыма келетін снарядымда өрескел қателік жібердім. Ол жерде мен ұпайды жоғары алудың орнына, қүлап қалдым. Ал соңғы жаттығуда қолым сыр беріп, комбинацияны толыққанды орындамадым. Сондықтан аяқтап, кеттім.»

Еркін жаттғу бойынша финал жайлы ойы

- “Еркін жаттығу бағдарламасында финалға әрең-әрең өттім. Өз өнерімді көрсеткен сәтте жетінші орында едім. Ал финалға тек сегіз спортшы жолдама алады. Ғажайып орын алып, мен сегізінші орында қала алдым. Алғысымды білдіремін. Енді осы мүмкіндікті құр жібермей, жүлде алу үшін өз жұмысымды мүлтіксіз орындауым қажет”.

Керме жаттығуы бойынша финалға неге өте алмады?

-  “Керме жаттығуында финалға шыққым-ақ келді. Өйткені мен ол снарядта еркін сезінемін. Өкінішке қарай, бұйырмады”.

Айта кетейік, 6 жаттығудың қорытындысы бойынша, отандасымыз 76.065 ұпай жинап, соңғы 24-орынға тұрақтады.

Новости партнеров