×

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен WTT Feeder Panagyurishte турнирінде өнер көрсетеді

Болгарияның Панагюриште қаласында үстел теннисінен WTT Feeder Panagyurishte турнирі басталды, деп хабарлайды Ulyssport.

22.08.2025, 12:12
Қазақстан құрамасы үстел теннисінен WTT Feeder Panagyurishte турнирінде өнер көрсетеді
Фото: ҰОК

Жарысқа Австрия, Бельгия, Болгария, Германия, Үндістан, Италия, Ирак, Қазақстан, Корея, Молдова, Румыния, Словакия, Сербия, Тайбэй, Украина, Франция және Жапониядан спортшылар қатысуда.

Қазақстан атынан Зәуреш Ақашева, Дастан Кенжіғұлов, Сарвиноз Миркадирова, Владислав Захаров, Жанерке Көшкімбаева, Санжар Жұбанов, Искендер Харки және Ырысбек Артықметов өнер көрсетуде.

Новости партнеров