×

US Open: Александр Шевченко бірінші айналымда жеңіліп қалды

Соңғы жылдары Қазақстан атынан ойнап жүрген Александр Шевченко АҚШ ашық чемпионатының бірінші күні испандық Алехандро Давидович-Фокинадан ұтылып қалды, деп хабарлайды ulyssport.kz

25.08.2025, 02:19
US Open: Александр Шевченко бірінші айналымда жеңіліп қалды
ATP

Кездесу бір жарым сағатқа жетпей аяқталды. Әлемнің 18-ракеткасы Фокина Шевченконы 6:1, 6:1, 6:2 есебімен жеңді.

Испан теннисшісі екінші айналымда Роберто Карбальес-Баэна (Испания) мен Артюр Риндеркнеш (Франция) арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.

Еске сала кетейік, Александр Шевченко азаматтығын ауыстырғанға дейін 2024 жылдың ақпанына дейін Ресей намысын қорғаған болатын.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр