×

Қазақстан грек-рим күресінен U20 әлем чемпионатында төртінші медалін жеңіп алды

Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Самоков (Болгария) қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатындағы өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды Ulyssport.

25.08.2025, 16:48
Қазақстан грек-рим күресінен U20 әлем чемпионатында төртінші медалін жеңіп алды
Фото: ҰОК

Әлемдік доданың соңғы күнінде екі балуанымыз бозкілемге шықты.

Темірлан Тұрдақын 87 келіге дейінгі салмақта қола үшін өткен белдесуде Әзірбайжан спортшысы Орхан Гаджиевті жеңді.

Сондай-ақ, 63 келіге дейінгі салмақта Дамир Ибраишов та үшінші орын үшін күресті. Алайда ол Ресей балуаны Игорь Пунченкодан ұтылды.

Осылайша, әлем чемпионатында отандастарымыз төрт жүлде жеңіп алды.

Диас Сейітқалиев (82 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды.

Ал Арсен Жұма (55 келіге дейін), Юсуф Ашрапов (72 келіге дейін) және Темірлан Тұрдақын (87 келіге дейін) үшінші орынға табан тіреді.

Новости партнеров