×

Путинцева US OPEN турнирін жеңіспен бастады

Италия теннисшісі Элизабет Коччиареттоға қарсы тартысты ойында камбэк жасап, жарыстың екінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды ulyssport.kz

25.08.2025, 22:57
Путинцева US OPEN турнирін жеңіспен бастады
US OPEN

Қазіргі таңда Нью Йоркта өтіп жатқан “Үлкен Дулыға” турнирінде отандасымыз Юлия Путинцева алғашқы айналымда Элизабет Коччиареттемен кездесіп, екі сетте - 6:4, 7:6 есебімен ұтты.

Бірінші сетте Юлия 1:4 есебімен ұтылып жатқан болатын. Соған қарамастан, ол матчты өз пайдасына бұрып, US Open турнирінің екінші айналымына шықты.

Қазақстанның екінші ракеткасы үшінші айналымға өту үшін Анна Калинская және Клерви Нгунуэ арасындағы матчтың жеңгенімен жолығады.

Новости партнеров