×

Рыбакина: Дәл қазір жақсы ойнап жүрмін. Командама да ризамын.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина US OPEN турнирінің бірінші айналымында АҚШ теннисшісі Джульетта Парехамен ( WTA 338) кездесіп, 6:3, 6:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды ulyssport.kz

 

25.08.2025, 23:53
Рыбакина: Дәл қазір жақсы ойнап жүрмін. Командама да ризамын.
Getty

Бүгін Елена Рыбакина мен ITF жасөспірімдер рейтингісінде бірінші орында тұрған Джульетта Пареха АҚШ Ұлттық теннис орталығының 17 кортында кездесті.

Ойын барысында қазақстандық спортшы 9 брейк пойнттың 4-уін сәтті орындап, 7 эйспен көзге түсті. Ал қарсыласы ешқандай эйс жасай алмады, керісінше, 9 қосар қателік жасады.

Матч соңында:

Қазіргі командама ризамын. Бұрынғы жаттықтырушым қайта оралды. Жақсы жұмыс істеп жатырмыз. Нәтижелеріміз де жаман емес. Бірте-бірте бәрі ойдағыдай болады деп үміттенемін, – деді Елена Рыбакина.

Жүргізушінің әлемнің бірінші ракеткасы Арина Сабаленканы жақында ұтқаны туралы және Нью Йорктегі жанкүйерлеріне қатысты сұрағына былай жауап берді:

Дәл қазір жақсы ойын көрсетіп жүрмін. Бірақ әлі діттеген деңгейімде емеспін. Физикалық тұрғыда бәрі жақсы болады деген сенімдемін. Ал жанкүйерлерге және Нью Йоркқа келетін болсақ, мындағы энергетика өте тамаша. Кез келген корттан оны байқауға болады (Рыбакина Орталық корттарда емес, 17 кортта ойнады). Жанкүйерлер қатты шулайды, мықты қолдайды.

Елена Рыбакина екінші айналымда квалификация кезеңінен келген Чехия спортшысы Тереза Валентовамен ойнайды. Матч арғы күнге жоспарланған.

Новости партнеров