×

Садақ ату: Дәулеткелді Жаңбырбай Олимпиаданы аяқтады

Садақ ату бәсекесінде екінші отандасымыз жарыс жолынан шықты, деп хабарлады Ulyssport.kz

01.08.2024, 13:04
Владислав Семенов

Отандасымыз Дәулеткелді Жаңбырбай садақ атудан жекелей сынның іріктеуінде Хорхе Энрикестен (Колумбия) 3:7 (28:29, 26:26, 27:28, 28:26, 27:29) есебімен жеңілді.

Бұған дейін ұлттық құраманың көшбасшысы Ильфат Абдуллин де жарыстан шығып қалған болатын.

Енді кешке жекелей сында Александр Еременко сынға түседі. 

Новости партнеров