Литваның Каунас қаласында қазіргі бессайыстан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Ulyssport.
Әлемдік додада ел намысын Кирилл Стадник қорғады.
Стадник өз тобының іріктеу кезеңінде 1443 ұпай жинап, 22-орынға тұрақтады. Бұл нәтиже отандасымызға іріктеуден өтіп, әлем чемпионатының жартылай финалына шығуға мүмкіндік бермеді.