×

US OPEN: Рыбакина турнирдің екінші аптасына жолдама алды

Бүгін US OPEN турнирінің үшінші айналым матчтары басталды. Қазақстандық Елена Рыбакина экс-чемпион Эмма Радуканумен кездесті, деп хабарлайды ulyssport.kz

29.08.2025, 21:15
US OPEN: Рыбакина турнирдің екінші аптасына жолдама алды
US OPEN

Алғашқы сетте айқын басымдық танытқан Рыбакина (6:1), екінші сетте де қарсыласына еш мүмкіндік бермеді (6:2).

Бүгінгі жеңістің арқасында қазақстандық теннисші жарыстың төртінші айналымына жолдама алды.

Биыл US OPEN турнирінде сыйақы қоры рекордтық көрсеткішке ие. Жеңімпазға 5 миллион АҚШ доллары табысталмақ. Үшінші айналымдағы жеңісі үшін Елена Рыбакина 400 мың АҚШ долларына қол жеткізеді.

Новости партнеров