×

Бублик АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымында

Александр Бублик US Open 2025 турнирінің үшінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды ulyssport.kz

28.08.2025, 23:32
Бублик АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымында
US OPEN

Екінші айналымда қазақстандық теннисші Тристан Сколкейтпен (Аустралия) өткен кездесуде үш сетте 6:3, 6:3, 6:3 есебімен айқын ұтты. Осылайша Бублик жарыстың үшінші кезеңіне өтті.

Еске салайық, бірінші айналымда Александр Бублик хорват теннисшісі, экс-чемпион Марин Чиличті 6:4, 6:1, 6:4 есебімен сенімді түрде ұтқан болатын.

Сондай-ақ, бүгін АҚШ Ұлттық теннис орталығының кортында тағы бір спортшымыз Юлия Путинцева жекелей және жұптық сында өнер көрсеткен болатын. Өкінішке орай, Путинцева екі кездесуінде де жеңіліс тауып, турнирмен қоштасты.

 

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр