×

Дзюдо: Нұрлыхан Шархан тәжірибелі қарсыластан өтті

Дзюдодан 100 келі салмақтағы Нұрлыхан Шархан екінші айналымға өтті, деп хабарлады Ulyssport.kz

01.08.2024, 13:28
Дзюдо: Нұрлыхан Шархан тәжірибелі қарсыластан өтті
Сали Сабиров

Нұрлыхан Шархан (100 кг) Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде тәжірибелі Тома Никифоровтан (Бельгия) басым түсті. 

Айта кетейік, отандасымыз енді 1/8 кезеңде 2022 жылғы Әлем чемпионы, биылғы Азия чемпионы Музаффарбек Туробовқа (Өзбекстан) қарсы шығады.

Бельгиялық спортшы бұған дейін 2015 және 2017 жылдары өткен әлем чемпионатында күміс және қола жүлдеге ие болған.

Новости партнеров