×

"Қайрат" - "Реал Мадрид" ойыны неге Астанада өтпейді?

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов "Қайрат" - "Реал Мадрид" ойынына қатысты маңызды сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 12:02
"Қайрат" - "Реал Мадрид" ойыны неге Астанада өтпейді?
Ulysmedia.kz коллажы

Стадион салу

Мырзабосыновтың сөзінше, қазіргі уақытта жеті қалада стадион салу жоспарланып отыр. 

- Жеті стадион бойынша сметалық құжаттар дайындалып жатыр. Бес өңірде жер учаскесін анықтап жатырмыз, – дейді министр. 

Қанша турист келеді? 

Сонымен қатар, Мырзабосыновтың сөзінше, ойын тамашалауға келе алатын адам саны бойынша УЕФА стандарттары бар. 

- Келем деген адам келе бермейді. Өзінің квотасы бар. Квота бойынша 4 мыңға жуық адам деп отыр, – дейді министр. 

Ербол Мырзабосыновтың сөзінше, билет бағасы әлі белгісіз. Бірақ клуб тарапымен келісіп, бағасы айтылатын болады. 

- Ең бастысы билет сатып алатын жерлерді байқау керек. Халық алданып қалмауы керек. Қай уақыттан бастап билет сатып ала алатынын хабарлайтын боламыз, – дейді ведомство басшысы. 

Ойын неге Астанада өтпейді? 

Министрдің сөзінше, бұл мәселеге қатысты да арнайы стандарт бар. 

- Алматыдағы стадион 4 категориядағы стадион. Инспекция толық өтті. Болашақта Астананы да қарастырамыз. Бірақ УЕФА стандарты бойынша Алматы стадионы таңдалды, дейді министр. 

Матч қашан өтеді?

Айта кетейік, «Қайрат» – «Реал Мадрид» кездесуі бір айдан кейін, 30 қыркүйек күні Алматыда өтеді. Ал «Интермен» кездесу 5 қараша күні Миланда өтеді. «Арсеналмен» кездесу 2026 жылдың 28 қаңтарына жоспарланған. 

Новости партнеров