×

Үстел теннисі: Алматыда өтіп жатқан WTT Contender турнирінде үш қазақстандық іріктеуден өтті

Алматыда үстел теннисінен WTT Contender Almaty халықаралық турнирінің алғашқы жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды Ulyssport.

03.09.2025, 14:45
Үстел теннисі: Алматыда өтіп жатқан WTT Contender турнирінде үш қазақстандық іріктеуден өтті
Фото: ҰОК

Қатысушылар жекелей сайыстың іріктеу кезеңінде бақ сынады. Ал Қазақстан құрамасынан үшінші кезеңге тек Абдулла Мамай (Алматы), Владислав Захаров (Қарағанды) және Ескендір Харки (Жамбыл облысы) шықты.

Отандастарымыз 3 қыркүйекте негізгі жарыс кестесіне шығу үшін күреседі. Қазақстандықтардың қарсыласы төмендегідей:

Абдулла Мамай - Флориан Буррассо (Франция)

Владислав Захаров - Юань Лицен (Қытай)

Ескендір Харки - Лев Кацман (Ресей)

Новости партнеров