×

Дзюдо: Нұрлыбек Шарханның әлем чемпионына шамасы жетпеді

100 келідегі НҰрлыбек Шархан жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Ulyssport.kz

01.08.2024, 14:35

Нұрлыхан Шархан (100 кг) Париж Олимпиадасындағы екінші белдесуінде Өзбекстан намысын қорғаған Музаффарбек Туробовтан таза жеңілді.

Қос спортшы бұған дейін 2023 жылғы Ханчжоудағы Азия ойындарының жартылай финалы және 2024 жылы Гонконгтағы Азия чемпионатының жартылай финалында белдесіп, барлығында Музаффарбек басым түскен.

Айта кетейік, Нұрлыхан алғаш рет Олимпиадаға қатысты. Ол былтыр Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарында Олимпиада чемпионын жеңіп, қола жүлдеге ие болған. Ал ТМузаффарбек Туробов – әлем чемпионы (2022), Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы, Азия чемпионы (2024).

Енді ертең жарыс жолына соңғы өкіліміз +78 келідегі Кәмила Берліқаш шығады.

Новости партнеров