×

Қазақстан-Уэльс ойынын қашан және қайдан көруге болады?

Бейсенбі, 4 қыркүйекте, Астанада футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан және Уэльс құрамалары арасындағы матч өтеді, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 10:37
Қазақстан-Уэльс ойынын қашан және қайдан көруге болады?
Фото: ҚФФ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ойын «Астана Арена» стадионында өтеді және Астана уақыты бойынша 19:00-де басталады. Тікелей эфирді Qazsport телеарнасы көрсетеді.

Наурыз айында Кардиффте өткен алғашқы бетпе-бет кездесуінде қазақстандықтар валлийліктерге 1:3 есебімен есе жіберген еді. Кейін Әли Әлиевтің командасы қонақта Лихтенштейнді жеңді, бірақ Солтүстік Македонияға 0:1 есебімен минималды айырмашылықпен ұтылды.

Үш турдан кейін Қазақстан құрамасының еншісінде үш ұпай бар.

Новости партнеров