Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Алматыда өтетін «Қайрат» – «Реал» матчының билеттері қашан сатыла бастайтынын айтты, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Оның айтуынша, бұл мәселе бойынша министрлік футбол клубымен келіссөздер жүргізіп жатыр.
- Билеттерді сатудың құқық иесі – «Қайрат» клубы. Бүгінгі таңда бізде бар ақпарат бойынша, сатылым ойын басталғанға дейін 10 күн бұрын ашылады. Яғни, егер ойын 30-ы күні болса, шамамен 20-ларында сатылым басталады. Осы мүмкіндікті пайдаланып, барлық азаматтар мен отандастарымызды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырғым келеді. Билеттердің ресми, тек «Қайрат» клубының сайты немесе оның әлеуметтік желідегі ресми аккаунттары болады, – деді Жарасбаев.
Билеттердің бағасы әзірге белгісіз. Вице-министрдің айтуынша, «Қайрат» баға саясатын сұранысқа байланысты қалыптастырады.
Билеттерден бөлек, клуб шетелдік қонақтарға, оның ішінде УЕФА өкілдері мен халықаралық бақылаушыларға шақыру билеттерін дайындайды.
Матч 30 қыркүйекте сағат 21:45-те өтеді.