Сағындық Тоғамбай бокстан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Ulyssport.
Қазақстандық боксшы 90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетуде.
Сағындық алғашқы айналымда Исаак Окомен (Англия) жұдырықтасты. Қарсылас бірінші раундта басым түсті. Бірақ, жекпе-жектің соңына қарай Сағындық Тоғамбай 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін) келесі кезеңде Джек Марлеймен (Ирландия) күш сынасады.