×

Бокстан әлем чемпионаты: Элина Базарова алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды

Бүгін Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионаты басталды. Қазақстан құрамасынан алғаш болып шаршы алаңға Элина Базарова шықты, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 09:54
Бокстан әлем чемпионаты: Элина Базарова алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды
Фото: ҰОК

Отандасымыз 54 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Ол алғашқы кездесуін өзбекстандық Нигина Уктамоваға қарсы өткізді. Нәтижесінде, өзбекстандық боксшы басымдық танытып, жеңісті суырып алды.

Сондай-ақ бүгін Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін) алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

Новости партнеров