×

Өзбекстан атынан шыққан қазақ боксшысы Руслан Абдуллаев жеңіліс тапты

Бокстан ширек финалдық жекпе-жектер басталды, деп хабарлайды Ulyssport.kz

01.08.2024, 16:26

Бокстан 63,5 келіде басты фавориттердің бірі саналған Руслан Абдуллаев ширек финалдық айқаста Пан Американ ойындарының чемпионы, Канада өкілі Виат Санфордтан 1:4 есебімен жеңілді.

Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстан намысын қорғайтын Руслан Абдуллаев 2020 жылы жастар арасындағы Қазақстан чемпионатына қатысып, жартылай финалда Сабыржан Аққалықовқа есе жіберген. Ұлттық құрамаға ене алмаған боксшы кейін қайта Өзбекстанға қайтып, 2022 жылы Азия чемпионы атанса, 2023 жылы әлем чемпионы атағына қол жеткізді.

Бұл Париж Олимпиадасында Өзбекстан ерлер құрамасы сапында жеңілген алғашқы боксшы.

Новости партнеров