×

Карина Ибрагимова бокстан әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды

Карина Ибрагимова бокстан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 17:06
Карина Ибрагимова бокстан әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды
Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Панагиота Кузилумен (Грекия) кездесті.

Қазақстандық боксшы тартысты жекпе-жекте төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды.

Новости партнеров