×

Қазақстандық боксшы Надежда Рябец әлем чемпионатын аяқтады

Қазақстандық боксшы Надежда Рябец Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Ulyssport.

07.09.2025, 12:31
Қазақстандық боксшы Надежда Рябец әлем чемпионатын аяқтады
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жерлесіміз 75 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Надежда Рябец бұл кезеңде қытайлық Лина Уангпен жұдырықтасты. Жекпе-жектің қорытындысы бойынша Қытай елінің өкілі төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Элина Базарова (54 келіге дейін) әлем чемпионатын аяқтаған болатын.

 

Новости партнеров