×

Бокстан әлем чемпионаты: 7 қыркүйекте Махмұд Сабырхан мен Нұрбек Оралбай шаршы алаңға шығады

7 қыркүйекте бокстан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бес қазақстандық боксшы ел намысын қорғайды, деп хабарлайды Ulyssport.

07.09.2025, 13:33
Бокстан әлем чемпионаты: 7 қыркүйекте Махмұд Сабырхан мен Нұрбек Оралбай шаршы алаңға шығады
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Күндізгі бағдарлама Астана уақытымен 15:00-де басталады

55 келіге дейінгі салмақта Махмұд Сабырхан мексикалық Брайан Ортиспен жұдырықтасады.

80 келіге дейінгі салмақта Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Матвей Ражбамен (Украина) кездеседі.

Кешкі бағдарлама Астана уақытымен 22:00-де басталады

Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) өзінің әлем чемпионатындағы екінші жекпе-жегін Элис Глинға (Ұлыбритания) қарсы өткізеді.

70 келіге дейін Наталья Богданова үндістандық Санамача Чокчоммен қолғап түйістіреді.

Ал 65 келіге дейінгі салмақта Ертуған Зейнуллиновтың алғашқы қарсыласы Уго Грау (Франция).

Новости партнеров