×

Қазақстандық садақшылар әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Кванджу қаласында (Оңтүстік Корея) садақ атудан әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulyssport.

09.09.2025, 15:59
Қазақстандық садақшылар әлем чемпионатында үздік ондыққа енді
Фото: ҰОК

Жарыс аясында блоктық садақ атудан жекелей сайыстар өтті.

Қазақстан құрамасының қос өкілі үздік ондыққа енді.

Андрей Тютюн мен Роксана Юнусова жарысты тоғызыншы орынмен аяқтады.

Қазақстандық мергендер әлем біріншілігінде 1/8 финалға дейін жетті.

Айта кетейік, ұлттық құрама әйелдер арасындағы командалық сайыста қола медальға ие болды. Бұл жетістікке Роксана Юнусова, Адель Жексенбинова және Виктория Лян қол жеткізді.

Новости партнеров