×

Алуа Балқыбекова бокстан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Алуа Балқыбекова бокстан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 18:00
Алуа Балқыбекова бокстан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті
Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

Бұрымды боксшымыз 51 келіге дейінгі салмақта оңтүстіккореялық Мун Каенмен қолғап түйістірді.

Алуа бірінші раундтан-ақ қарсыласын қыспаққа алды. Екінші үшминуттықта да отандасымыз басым болды. Нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша 5:0 есебімен жеңді.

Енді Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) әлем чемпионатының жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды.

Новости партнеров