×

Айбек Оралбай бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 09:06
Айбек Оралбай бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалына өтті
Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

Қазақстандық боксшы 90 келіден жоғары салмақта Хорватия елінің өкілі Лука Пратльячичпен өзара мықтыны анықтады.

Үш раунд бойы хорватиялық қарсыласына еш мүмкіндік бермеген отандасымыз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) әлем чемпионатында кем дегенде қола медальға ие болды.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр