Брно қаласында (Чехия) көркем гимнастикадан Гран-при сериясының кезеңі өтеді, деп хабарлайды Ulyssport.
Бұл беделді халықаралық турнирде Қазақстан атынан Айбота Ертайқызы өнер көрсетеді.
Айта кетейік, жарыс 12-14 қыркүйек аралығында ұйымдастырылады.
Айбота Ертайқызы жақында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен әлем чемпионатына қатысқан болатын. Алайда ол финалға жолдама ала алмады.