×

Бокстан әлем чемпионаты: Айбек Оралбай екі дүркін Олимпиада чемпионын жеңіп, финалға өтті

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалына өтті, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 10:09
Бокстан әлем чемпионаты: Айбек Оралбай екі дүркін Олимпиада чемпионын жеңіп, финалға өтті
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстандық боксшы 90 келіден жоғары салмақта екі дүркін Олимпиада чемпионы Хулио Сезар Ла Круспен (Куба) өзара мықтыны анықтады.

Айбек Оралбай алғашқы раундтан-ақ тізгінді қолына алды. Екінші және үшінші кезеңде басымдығын сақтап қалған жерлесіміз жеңіске жетті.

Осылайша, Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) әлем чемпионатының алдын жүлдесі үшін бақ сынайды.

Новости партнеров