×

Назым Қызайбай ширек финалға шықты

Бокстан әйелдер бәсекесінде 50 келідегі Назым Қызайбай жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport.kz

01.08.2024, 18:48
Сали Сабиров

Тәжірибелі боксшымыз Назым Қызайбай (50 кг) Париж Олимпиадасының 1/8 айналымында Каролайн Барбоза де Алмейданы (Бразилия) 5-0 есебімен жеңді.

Енді жерлесіміз ширек финалда Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Ингрит Валенсиямен (Колумбия) кездеседі.

Назым Қызайбай әлем чемпионатында 2 рет топ жарып, 1 рет үздік үштікті түйіндеген. Сондай-ақ Азия чемпионы. Каролайн Барбоза - былтыр Панамерика ойындарының жеңімпазы.

Новости партнеров